BasNewsЖаңалықтар
Коронавирус пен пневмониядан тағы 41 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 41 науқас COVID-19 және пневмониядан қайтыс болды. Бұл 11 шілдедегі елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бір тәулікте коронавирустан 35 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 6 адам қайтыс болды.
11 шілдедегі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 19 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 46 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 57919, 1038 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53019-ға жетті.
2021 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 4 486 677 адам, 2-компонентін 2 490 517 адам салдырды.



