Алматыға үнемі бір Латвияның көлігі «кіреді»
Облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді. Осылайша, Алматыға 700 мыңнан астам көлік кіреді, бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 миллион адам. Бұл 2023 жылғы 6 қазанда жұма күні «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы көшелерді бақылау негізінде алынған деректер.
Алматыға жұмыс күндері келетін жеке көліктің санын бүкіл елдің автопаркімен салыстыруға болады. Латвияда халық саны – 1,891 миллион адам. Бұл ретте, елде 730 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Былайша айтқанда, облыстан Алматыға үнемі бір Латвияның көлігі «кіреді». Жергілікті деңгейде есептесек, бұл Батыс Қазақстан облысының 5 (134 172 көлік) немесе Астананың 2 автопаркі (326 мыңнан астам көлік тіркелген) деген сөз.
Сырттан кіретін көліктермен қоса, Алматының өзінде 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұған облыстан келетін 400 мыңнан астам көлікті қосқанда, мегаполис көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам машина жүреді. Басқаша айтсақ, бұл қаламыздың әрбір екінші тұрғыны көлік тізгіндегендей жағдай.