BasNewsЖаңалықтар
Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды
Синоптиктер болжамынша, дүйсенбі, 30 қазанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды basnews.kz.
Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.