BasNewsЖаңалықтар

Бас прокуратура қазақстандықтарға жолдардағы қауіп туралы ескертті

Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтарды жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды basnews.kz.

Еліміздің бас қадағалау органы күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен және жол жағдайының нашарлауымен апат қаупі арта түсетінін атап өтті.

Көп жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігі қатысушылардың өздеріне байланысты болады, олар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдау қажет.

Статистикаға сүйенсек, елімізде ағымдағы жылдың 9 айында 9,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 14 мың адам зардап шекті.

1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде:

210-ны кәмелетке толмаған балалар,

488-і әйелдер,

1192-і ер адамдар.

Сондай-ақ :

660-сы жолаушылар,

485-і жаяу жүргіншілер,

447-і жүргізушілер.

Аймақ бойынша ең көп жол апаты:

Алматы қ.- 2556,

Алматы – 961,

Жамбыл – 695,

Түркістан – 616 облыстарында,

Астана қ. – 570 тіркелген.

Апаттың негізгі себептері адами фактормен байланысты, олар :

Жылдамдықты асыру – 2 381,

Жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу-1 473,

Жол белгілерін сақтамау (жылдамдықты шектеу белгілерін есепке алмағанда) – 380,

Өзге де жол қозғалысы ережелерін сақтамау – 5 635.

ЖКО-ның 88% – дан астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсінен орын алады, оның 305-і алкогольдік және есірткілік масаң күйінде болған .

Жол апатынан зардап шеккендердің арасындағы басым бөлігі :

17 жастағы – 3 015,

30 – 39 жасқа дейін -2 576,

21 – 29 жасқа дейін -2 572,

60 және одан жоғары -1 320 жастағы адамдар.

Сондай-ақ кінәлілердің арасында көбінесе :

30 – 39 жас аралығындағылар – 2 509,

21 – 29 жас аралығындағы – 2 262,

60-тан жоғары жастағы – 668.

Жол апаттарының көп бөлігі немесе :

7 380-і елді мекендерде,

1 703-і халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда,

789-ы облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаттарының ең көп саны :

дүйсенбі -1 462,

сәрсенбі -1 447

жексенбі – 1 418,

сондай-ақ :

күндізгі уақытта – 6 120,

түнде-1 140,

күн батқаннан кейінгі мезгілде -1 493 орын алған.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшею салдарынан апаттар қауіпі артады.

Осы ретте, автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шиналармен жабдықтану, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолдарда өте мұқият болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне жүргізушілердің назарын аударамыз.

Сондай-ақ қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы естеріңізге саламыз.

Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Еліміздің жолдарындарындағы апаттар туралы ақпаратты «https//gis.kgp.kz» сілтемесі бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының «qamqor.gov.kz» порталының «Апат картасы» бөлімінен көруге болады.

Back to top button