BasNewsЖаңалықтар
Костенко шахтасында қаза болған соңғы адамның денесі сыртқа шығарылды
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-жұмысшының денесі 6 қараша күні кешке жердің бетіне шығарылды, деп хабарлайды basnews.kz.
Әкімдіктің 7 қараша күні хабарлауынша, қаза тапқан кеншілердің соңғысының сүйегі 6 қараша күні сағат 20:00 шамасында табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді.
«Іздестіру жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, іздеу жұмыстары күні-түні жүргізілді», – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шахтада қаза болған 46-кенші Александр Валерьевич Прокудин екені белгілі болды.