BasNewsЖаңалықтар

7 қарашадағы саудада доллар бағамы өсті

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,89 теңгеге көтеріліп, 464,49 теңге болды, деп хабарлайды basnews.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,66 теңгеге (+0,24) жетті.
Еуро бағамын Ұлттық банк 496,73 теңге, рубль бағамын 5,01 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464,9-467,5 теңге, еуро 496,5-499,5 теңге, ресей рублі 4,89-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
7 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Back to top button