BasNewsЖаңалықтар
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 466,79 теңге болды, деп хабарлайды basnews.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,15 теңге (+0,49) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 496,17 теңге, рубль бағамын 5,03 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 467,7-469,9 теңге, еуро 498,5-502 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал, 8 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтеріле түсті.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,15%-ға өсіп, барреліне 81,73 доллар болды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 77,38 доллар болды.