BasNewsЖаңалықтар

Шальнованың өлімі: Ақтауда екі полицей қызметінен босатылды

Валерия Шалнованың өліміне қатысты іс бойынша Ақтау полицейлеріне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Екі тәртіп сақшысы қызметінен босатылды, – деп хабарлайды basnews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, соталды тергеп-тексеру 3 қазанда басталады, алайда тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында одан әрі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелген.

«Сондай-ақ соталды тергеп-тексерумен қатар бір мезгілде қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша екі полиция қызметкері қызметінен босатылды», – деп хабарлады прокуратура.

Тәртіп сақшылары қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Қадағалау органы атқаратын қызметінен босату қызметкерлерді жұмыстан шығаруды білдірмейтінін атап өтті. Демек, соңғы шешім Антикор толық тексеріс жүргізгеннен кейін қабылданады.

Еске салайық, Ақтауда 2 шілде күні су арнасынан жас қыз Валерия Шалнованың денесі табылған болатын. Ол қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттығады. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа – «Қауіпті жағдайда қалдыруға» өзгертті. Кейін құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» деп өзгертті. Күдікті қамауға алынды.

18 шілдеде Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнова жерленді.

Back to top button