BasNewsЖаңалықтар
«Қазарнаулыэкспорт» басшысын қамауға алуға санкция берді
«Қазарнаулыэкспорт» РМК басшысы Арман Рамазановты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды, – деп хабарлайды basnews.kz.
«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген хабарламада.
Өзге мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Еске салайық, бұған дейін ҚМА Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстағанын хабарлаған болатын.