BasNewsЖаңалықтар

Күн райына байланысты Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды basnews.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 22 қараша күні «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі ескертті.

Сонымен мына учаскелерде жол қозғалысы шектеледі:

Ақмола облысында:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
  • «Жезқазған-Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • «Жезқазған-Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
  • «Екатеринбург-Алматы» күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;

Қостанай облысында:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.

Ведомство күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Back to top button