BasNewsЖаңалықтар
Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды
Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды basnews.kz.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).
Сот экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды.
Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді.
Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.