BasNewsЖаңалықтар
		
	
	
Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті шетелдік әйел ұсталды
 
						Алматы облысында құрсақтағы баласын сатпақ болған 24 жастағы көрші республика азаматын полицейлер ұстады, деп хабарлайды basnews.kz.
24 қарашада Instagram желісінде Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлағандай, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында көрші мемлекеттің тумасын ұстады.
Аталған азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.



