BasNewsЖаңалықтар

Өткен тәулікте Қазақстанның екі өңірінде ғана коронавирус жұқтырғандар тіркелді

COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК 14 мамырға арналған Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректермен бөлісті. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес жаңа жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

14 мамырда коронавирус инфекциясының бес жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
  • Алматы қаласында – 4.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636-ға жетті.

Қазақстанда 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 15,
  • Алматы қаласында – 155,
  • Шымкент қаласында – 15,
  • Ақтөбе облысында – 2,
  • Алматы облысында – 3,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 3,
  • Батыс Қазақстан облысында – 1,
  • Қарағанды облысында – 1,
  • Қызылорда облысында – 1,
  • Маңғыстау облысында – 57,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5.

Елімізде барлығы 1 291 748 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Back to top button