BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің 11 өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Алматы мен тағы 10 өңірде мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау басталды, – деп хабарлайды basnews.kz.

Дауыс беру Алматыда, Абай, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.

Барлығы екі облыстық, жеті қалалық, 12 аудандық депутаттар сайланады.

Конституция мен заңнамаға сәйкес, 20 жасқа толған Қазақстан азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 30 тамызда басталып, 28 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жалғасты. Үміткерлерді тіркеу 3 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жүргізілді.

Back to top button