BasNewsЖаңалықтар

«АрселлорМиттал Теміртауға» 3 млрд доллар инвестиция салу керек – Әлихан Смайылов

«АрселлорМиттал Теміртауға» келетін жаңа инсвестор 3 жылда қомақты сомада инвестиция салуы керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды basnews.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер Үкімет басшысынан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына инвестор ретінде кімдер тартылатынын сұрады.

«Бұл жайында (инвестор туралы) жақын арада жариялаймыз. Негізгі талап – 3 жылдың ішінде кем дегенде үш млрд АҚШ доллары сомасында инвестиция салу керек. Бірінші кезекте өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зауыттағы жабдықтарды жаңғырту, өндірісті кеңейту, әлеуметтік міндеттерді орындау, жалақыны толық төлеу ескерілген», – деді Ә.Смайылов.

Бұл тұрғыда ол аталған 3 млрд доллардың 1,3 миллардын бірден салу керек екенін атап өтті.

«Сондықтан осындай маңызды талап қойылып отыр. Бұл салаға тартылатын инвесторда мұндай мүмкіндіктері болуы тиіс», – деді Премьер-Министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» активін сатып алуға бюджеттен ақша жұмсалмайтынын айтты.

Back to top button