BasNewsЖаңалықтар

Мәжіліс республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

ҚР Парламенті Мәжілісі «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды basnews.kz. 

«Жалпы алғанда, бюджеттің бұл параметрлері әлеуметтік және басқа да міндеттемелерді уақытылы орындауға, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәжілісте заң жобасы кеңінен талқыланды. комитеттер мен жұмыс топтарының 25 отырысы өткізілді. Онда депутаттардың 300-ден астам сауалына жауап берілді. Барлық фракциямен жұмыс жүргізілді. «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиналысы өткізілді», – деді Үкімет басшысының орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, депутаттар көтерген мәселелер, әсіресе өңір қажеттіліктері барынша ескерілді.

«Нәтижесінде 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат маңыздылығына қарай қайта бөлінді. Оның ішінде Үкімет резерві есебінен 56 млрд теңге қосымша қарастырылды. Қорытындылай келе, биылғы заң жобасын талқылауға белсенділік танытқан депутаттарға алғыс білдіреміз. Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын», – дейді ол.

Back to top button