BasNewsЖаңалықтар
Атырау орталығындағы «арнайы операция» тұрғындарды алаңдатты
Атырау тұрғындарын қала орталығындағы тәртіп сақшыларының «арнайы операциясы» үрейлендірді, – деп хабарлайды basnews.kz.
«Жедел штаб лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының лаңкестік актілердің жолын кесуге, олардың салдарын барынша азайтуға және жоюға дайындығын тексеру.
Осыған байланысты осы кезеңде қаланың жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі. Біз қала тұрғындары мен қонақтарынан өтіп жатқан жаттығуларға түсінікпен қарап, сабырлық сақтауды сұраймыз», – делінген АОЖШ хабарламасында.