BasNewsЖаңалықтар

Алматыда мопед жүргізушісі балалар арбасын қағып кеткен: сәбидің жағдайы айтылды

Алматыда мопед жүргізушісі арбада отырған баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан үш жасар қыз зардап шеккен. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды basnews.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2020 жылы туған бала 1 қарашада Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.

«Бала бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Миы шайқалған. Сол жақ самай аймағы, сол жақ маңдай-жақ аймағы көгерген», – делінген хабарламада.

Back to top button