BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда қызылшаға байланысты қосымша вакцинация жүргізілетіні айтылды

Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны артып барады: жыл басынан бері 11 мың адам тіркелді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі түрлі себептермен екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар, – деп хабарлайды basnews.kz.

Шенеуніктің айтуынша, екпе алмаған балалар не медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім туралы қағаз алғандар, не ата-аналары интернеттегі жалған ақпараттың әсерінен екпеден бас тартқан.

«Жағдайды ауыздықтау үшін бас мемлекеттік санитария дәрігері 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, қосымша вакцинация 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында жүргізіледі», – деді Сұлтанғазиев Сенатта өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, аурушаңдық жағдайы Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында өршіп тұр.

Back to top button