BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси жағдай мен Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі туралы айтты, – деп хабарлайды basnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес. Осындай кезде Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек. Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесін реформалау ісінде мейлінше сындарлы болу қажет. Біздің ойымызша, бұл маңызды орган әлемнің барлық аймағын қамтитын мемлекеттермен толығуға тиіс. Әсіресе, жаһандық Оңтүстік елдері тыс қалмауы керек.
Әлемдегі күрделі үдерістерге қатысты түркі елдерінің іс-қимылдары барынша байыпты болғаны жөн. Бұл тұрғыда түркі интеграциясын бекемдей түсуге баса мән бергеніміз абзал», – ️деді Қасым-Жомарт Тоқаев.