BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектер қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін. Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады, – деп хабарлайды basnews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

«Атамекен» ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың айтуынша, препараттар бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі. 25 мл құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін.

«Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді өндіруде қолданылатын этил спиртіне акциз салынады. Акциз салу, құрамында алкоголь пайдаланылатын өнім бағасының қатты өсуіне әкеп соғады. Бүгінде осындай 130-ға жуық тауар бар. Отандық өнімдер өндірісте қолданылатын алкоголь мөлшеріне байланысты 30-дан 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін», – дейді Назгүл Қабдырахманова.

 

Back to top button