Жаңалықтар

Теміртаулық ардагерлермен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Теміртау қаласындағы Достық үйінде зейнеткерлермен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Наиль Мунасипов, Алтай Елжасов, Данияр Сакенов, Асель Ыдрышканова және Газиза Улыкманова қатысты.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылып, зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуы секілді мәселелер қозғалды.

Ардагерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, зейнетақы жүйесі, әлеуметтік қолдау және өңірдегі өмір сапасына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар көтерілген мәселелер бойынша пікір білдіріп, аға буынның тәжірибесі мен қоғамдағы орнына ерекше мән берілетінін атап өтті.

– Зейнет жасындағы азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Олардың әлеуметтік қажеттіліктерін ескеріп, медициналық және өзге де қызметтердің қолжетімді болуына көңіл бөлу қажет. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды», – деді кандидат Наиль Мунасипов.

Кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button