Шымкент

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде

Мегаполисте биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер мен автокөліктердегі өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 25 өрт немесе 27,25% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алды.

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайтындығы белгілі. Бұл бағытта жұмыстарды іске асыру үшін тұрғын үйлерде пәтер иелерінің кооперативтері құрылуы тиіс. Құрылған кооперативтері тұрғын үйдің және ауласын санитарлық нормаға және өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуына алып келеді.

Өз кезегінде сақталған өрт қауіпсіздік талаптары тұрғын үйдегі адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық шығынға алып келуден сақтайды.

Және бір өзекті мәселенің бірі ағымдағы жылдың
1 тамызында Алматы қаласында 16 қабатты тұрғын үйінде өрт орын алған болатын, осындай өрт Шымкент қаласында орын алған жағдайда өрт сөндірушілерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» № 429 бұйрығына сәйкес, бірінші кезекте биіктіктен секірген адам өмірін сақтау үшін пневматикалық құтқару батут, кернеулі құтқару кілемдері қажет.

Осы ретте көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы еске салып өтсек:

  • жоғарғы қабаттарда өрт шыққан жағдайда дүрбелеңге түспей, сабырлы және ұйымшыл әрекет етіп, оттың жолын жабу үшін есіктерді мықтап жабу керек.
  • түтінге толған бөлмеде мүмкіндігінше еденге жақындап, тізелеп қозғалу керек-түтін аз болады. Түтіннің бағытын жоғалтпау үшін қабырғаларды жағалап қозғалу керек.
  • Көпқабатты тұрғын үйлерде химиялық заттарды, жарылғыш заттар мен материалдарды, синтетикалық кілем бұйымдарын, автомобиль бөлшектерін, шиналарды, автомобиль майларын сататын дүкендерді орналастыруға тыйым салынады.
Back to top button