Шымкент

Шымкентте жасөспірімдерге қатысты 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Мегаполисте “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және оны болдырмау.

Осыған байланысты полицейлер қала аумағында рейд жұмыстарын жүргізіп, жеткіншектер жиі баратын жерлерді тексеруде. Шараның 1 тәулігінде жасөспірімдерге қатысты жалпы 108 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 6 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен хаттама толтырылса, 1 жеткіншек қоғамдық орында мас халде болғаны үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен жазаланды.

Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 98 бала әкімшілік кодекстің 442-бабымен жауапқа тартылды.

Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 15 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылып, құқық бұзушылыққа бейім 16 жеткіншек пен 11 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Кәмелетке толмағандар  арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының  дамуын  қамтамасыз  ететін  қолдау  жүйесінің  даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай Үкімет отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға баса назар аударып отыр.

Отбасындағы тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі белгілі. Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерде тәрбиелеу болып табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін.

Back to top button