Өрт сөндірушілердің еңбегі ерлікпен пара пар!
Өрт сөндіруші және құтқарушылардың бір ақ ұраны бар, ол: «Құтқару». Бұл мамандықта тек күш, батылдық және ержүректік ғана маңызды емес, одан басқа білім және тәжірибе, сонымен қатар, темірдей тәртіп қажет.
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің осылайша жиырма бес жылдай азаматтық қорғау органдарынында қызмет еткен қызметкерлері №6 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ж. Ашеновті және күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С.Исаковты әріптестері құрметті демалысына шығарып салды.
Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Райханов құттықтау сөз сөйлеп, мінсіз қызметтері үшін алғысын білдірді, ұжымның атынан сый-сияпат табыстады. Талай жыл азаматтық қорғау органында түрлі лауазымдарды қызмет атқырып, жастарға үлгі болған Ж.Ашенов және С.Исаков өз кезегінде әріптестеріне көрсеткен құрметтері үшін алғыс айтып, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Лаулаған оттың көп аймақты шарпымағаны анықталса бір ғана көлік жетіп барады. Себебі, тонналап су тиеген бір көліктің күші жалынның бетін қайтаруға қауқарлы. Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Кей жағдайларда тікұшақтың да көмегіне жүгінетін кездер болады.
Дабыл қоңырауы түскен жерге бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер ең бірінші арнайы құбыршекті жақын маңдағы су ағатын құбырларға болмаса көліктің су сақтайтын бөлігіне қосады. Қызыл жалынның беті қашан қайтатынын ешкім білмейді. Кейбір лаулаған отпен арпалыс, бірталай күнге созылады.