Жазғы өрт қауіпті кезеңіндегі сақтық шаралары
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында күннің ысуына байланысты брифинг өткізілді.
Брифингте екі мәселе қаралды – жазғы өрт қауіпті кезеңінде сақтық шаралары мен шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғаларды алдын алу.
Бас спикер болып Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Әлібек Ысқақов және Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Мерей Келегулов сөз сөйледі.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады.
Егер жану ауқымы отты өз бетінше жеңуге мүмкіндік берсе, өртті өз күшіңізбен сөндіруге әрекет жасай аласыз. Ол үшін қол жетімді өрт сөндіру құралдарын: өрт сөндіргіштерді, өрт крандарын, су құбырынан алынған суды, мақта көрпені пайдалану қажет. Тұрмыстық электр аспаптары жанған кезде ашаны розеткадан шығарып, оны тоқтан ажырату керек. Егер мұны қауіпсіз ету мүмкін болмаса, Сіз автоматты өшіру немесе электр панеліндегі тығындарды бұрап, бөлмені толығымен өшіруіңіз керек. Газ құбыры болған кезде, әсіресе, егер өрт ас үйде басталса, газ беруді жабу қажет.
Сондай-ақ, Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары жаздың ыстығында суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
айтып өтті. «Су сенің досың және дұшпаның». Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
- Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
– Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
– Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
– Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
– Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
– Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
– Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
– Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.