Шымкент

«Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Мобильді топ” “Қырғы” базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік бағдарламалар: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны” жөнінде түсіндірілді.

Сонымен қатар, “Неке шеберлікті талап ететін іс”, “Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік” тақырыбында кітапшалар тарқатылып, түсіндірме жұмыстары ары қарай жалғасын тапты.

Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырын ақтарамыз.

Бала болмысын қарым-қатынас өнімі ретінде қарастырсақ…Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасы.

Сан мың отбасының өзара гармонияда ғұмыр кешуі кез келген өркениетті жұрттың басты мұраты. Айналасына қажеттілігін сезініп, қадірлі екеніне көзі жеткен жанның өміріне мән бітеді.

Тік және көлденең қарым-қатынас: іргетас пен өріс. Қарым-қатынас – үйлесімді, бақытты және шуақты өмірдің бір бөлігі. Әртүрлі белгілер мен өлшемдерге сәйкес қатынастардың бірнеше жіктелімі бар. Енді көлденең және тік қарым-қатынастардың айырмашылығын және оларды шатастырмай, өз уақытында дұрыс қолдану ретін айтайық. Психология оқулықтарындағы қарым-қатынас классификациясы санаға біршама салмақ түсіруі мүмкін. Қарапайым түрде түсіндірсек, тік қарым-қатынас отбасылық байланыста жиі көрінетін иерархия түрінде жүреді. Іңгәлап жарық дүние есігін жаңа ашқан сәби ақ парақтай пәк. Ал соған ақпар жазып, болмысын бедерлейтін бәдізшілер – ата-ана, қоршаған орта.

Back to top button