Орталық қызметкерлері психиатр-наркологпен кездесті
Бүгінгі таңда есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқықбұзушылық көбеюде. Бұл – жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолданудан бастау алады. Бұндай жат қылықтардан аулақ болу мен алдын алу бойынша орталық қызметкерлері тұрақты түрде жастар арасында түрлі кездесулер мен іс-шаралар өткізіп келеді.
Осы бағытта жұмыс жүйесін әрмен қарай дамыту мен жүйелендіру мақсатында орталық қызметкерлері Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Раушан Асанованың қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесуде кезінде психиатрия мен наркологиядағы инновациялық аспектілер, атап айтқанда емдеу және оңалтудың заманауи жолы, науқасқа психикалық көмек беру мен нашақорлыққа салынған адам тұлғасының бастапқы белгілеріне тоқталды. Сондай-ақ, емделу жолдары мен күмән тудыратын сәтті байқаған кезде 8 (7252) 47-93-93 сенім телефонына қоңырау шалуға болатынын жеткізді.
Қортындылай келе жасөспірімдерді есірткіден аулақ ұстау үшін алдымен оларға моральдық көмек ұсынуымыз қажет. Жастардың психологиялық проблемасына олақ қарамай, керісінше оларды жігерлендіріп және олардың проблемаларын химиялық жолмен емес, өздерінің күштерімен жеңуге мүмкіндік берген жөн. Олар алдымен тұлға, оларда да моральдық тұрғыдан қиыншылықтар туады. Сондықтан қоғам жастарға құрметпен қарап, олардын құқығын бағалай білу қажет.
Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кең ауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.