Шымкент

Шымкентте қазақстандықтардың есепшотынан 65 миллион ₸ астам ақша жымқырған киберқылмыстық топ сотталды

Киберқылмыс – еліміздегі алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету аясы кеңіген сайын бұл қылмыстың түрі де қарқын алып, айла-тәсілі де түрленіп келеді.

Тергеу амалдары интернет алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғынының арызынан басталды. Банктің жалған қызметкерлеріне сенген азамат 4 миллион теңгесінен айырылған. «Банкирлер» белгісіз нөмірден қоңырау шалып, оның қаржысына қол сұғу ықтималдығы туралы хабарлап, ақшасын сақтап қалу үшін телефон арқылы бірнеше онлайн операцияларды орындауын сұрады. Осылайша, қала тұрғыны екі несие рәсімдеп, оларды “қауіпсіз” шоттарға аударған.

Тергеушілер аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеді. Іздестіру шараларына қалалық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес жөніндегі арнайы тобы жұмылдырылды. Атқарылған бірқатар жедел жұмыстар қаскүнемдердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Қылмысты бүкіл ел бойынша әрекет еткен алаяқ топ жасағаны белгілі болды.

Шымкенттің алты тумасы жарты жылда 27 қазақстандықтың 65 миллион теңгеден астам қаражатын қолды еткен. Зардап шеккендердің арасында елорда, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды ​​және басқа да аймақтардың тұрғындары бар.

Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін мегаполис пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды. Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды. Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары «дропперлерді » тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан.

Полиция қылмыстық істің томдарын барлық дәлелдермен сотқа жіберді. Сот үкімімен алаяқтар үш жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тұран АПБ-на жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Ол өз шағымында, 2 жыл бұрын банкте кепілде тұрған үйді сатып алғанын, сатушыға 2 миллион теңге қолма-қол беріп, 9 млн. 500 мың теңге кепіл несиені өзі өтеуге келіскенін жеткізді.

Үй иесі несиені толық төлеп болған соң , жылжымайтын мүлікті сатып алушының атына аударып беремін деп сендірген. Қарыз өтелген соң сатушы сөзінен айнып, оны үйден шықпай жатыр деп сотқа берген. Нәтижесінде сот, үйді босату туралы шешім шығарды.

Back to top button